Билік халыққа жақындауы керек

2048
Adyrna.kz Telegram

Халықтың көтеріліп жатқаны бұл арине дұрыс емес. Бірақ әркімнің жетегінде кету, ол арандатушылық. Сыртта жатқан Әбіләзов болсын, тіпті, шетелдіктер де ақша салып, араға іріткі салып жатыр деген де пікір жоқ емес. Бұл біздің ішкі бірлігімізге нұқсан келтіруде. Қазақ «іштен шыққан жауа жаман» дейді. Біз ең алдымен еліміздің бүтіндігін ойлауымыз керек. Елбасы биліктен өз еркімен кетіп, күні кеше өзіміз сайлауда дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев тізгінді өз қолына алып жатыр. Қаншама тілді еркін меңгерген, саясатта да, өмірде де тәжірибесі мол, сыртқы саясатта да беделі бар тұлғаның жұмыс істеуіне біз енді мүмкіндік беруіміз керек. Мен оны қолдаймын. Қазіргі кездегі ең өзекті дүние – халықтың қал-ахуалы. Енді соның бәрін реттеп, жөндеу үшін сайлау болып, Президентті сайламадық па? Мен бір нәрсені айтқым келеді. Әр өңірде проблема жоқ емес, бар. Билік пен халықтың арасындағы байланыс, екеуара келіссөз дұрыс болуы керек. Биліктің диалогы мейлінше ашық болуы тиіс. Бүгінгі күні билік халыққа жақындауы керек. Мысалы, айтам деген мәселесі болса жастар аудан әкімдігіне барып, кәдімгідей мәселені қағаз бетіне түсіріп, неге конструктивті диалог құрмасқа? Жалаң сөз, эмоция, айқай-шумен мәселе шешілмейді ешқашан. Осыны түсіну керек. Біздің елге сырттан көз тігіп отырған мемлекеттер өте көп. Бізге ішкі бірлік қазір ауадай қажет.

Қаракөз СҮЛЕЙМЕНОВА,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Пікірлер