Экономика 4,9 пайызға өсті. Ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз - Президент

1396
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа 2024 жылмен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Біз келесі жылы ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз” деп бастады Мемлекет басшысы Жаңа жылдық құттықтауын.

“Жаңа жыл – әрдайым жаңа міндеттер жүктелетін, жаңа сын-қатерлерді еңсеретін кезең. Біз келесі жылы ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдық құттықтауында.

Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті әрі дамыған ел болу үшін әлі де көп тер төгуіміз қажет.

«Жаңа жылда мемлекеттігімізді нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жүйелі реформалар жалғасын табады. Біз заң мен тәртіптің үстемдігін орнықтыру үшін кешенді шаралар қабылдаймыз. Мемлекет тарапынан өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, энергетика және экономиканың басқа да салаларын өркендетуді көздейтін тың бастамалар қолға алынады. Біз әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қамқор боламыз. Мұғалім, дәрігер, құтқарушы, әскери қызметші, тәртіп сақшысы және басқа да кәсіп иелеріне қолдау көрсетеміз.

Біз жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын маңызды шешімдер қабылдап жатырмыз. Жақында Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсе бастайды. Еліміздің жастары болашаққа нық сеніммен қарауы керек», - деді Қ. Тоқаев Қазақстан халқына құттықтауында.

 

Пікірлер