Президенттің, арасында Қаңтар оқиғасы жайлы айтқан сұхбаты жарияланбақ

8421
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/eea67c2b-e322-4885-8f5a-c69fd433c907.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, „Қазақ газеттері“ ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты

„Egemen Qazaqstan“ газетінде жарияланады», — делінген Берік Уәлидің желідегі жазбасында.

Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.

Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.

Комментарии