Талдықорғанда жаңа жылдық жиыннан кейін жаппай төбелес орын алды (ВИДЕО)

3620
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/img_7394.jpeg
Полицейлер Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде жаңа жыл түні төбелескен тағы бес адамдв ұстады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталды. "Жалпы 8 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығының деректері мен әрекеті мұқият зерттелуде. Тергеу барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Жетісу облыстық полициясының бастығы Арман Саданов.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Талдықорған дәмханасында болған төбелеске қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (топтық жасалған бұзақылық) бойынша жүргізілуде. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.
Комментарии