Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылы 20 миллиард теңгені құрайтын есірткі тәркілеген

961
Adyrna.kz Telegram

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 150-ден астам операция жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі жеткізу арналары жойылды, 36 жасырын есірткі зертханаларының қызметі бейтараптандырылды.

Заңсыз айналымнан 3,6 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 21,5 тонна шикі көкнәр сабаны және синтетикалық есірткі өндіруге пайдаланылған 75 тоннаға жуық химиялық реагенттер тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің «нарықтағы» құны 20 миллиард теңгеден асады, көлемі бір реттік 17 миллионға жуық дозаны құрайды.

Тиісті қылмыстарды жасады деген күдікпен 101 адам сотталып, тағы 169 республика азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Қазақстан арқылы есірткі әкелу және транзит арналарының жолын кесу бойынша 32 бірлескен операция жүзеге асырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер