Төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған – МКК

5502
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Кәсіпкерлердің ақшаны тек қолма-қол қабылдау туралы талабына қатысты қазақстандықтардың шағымдарына Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеру басталды. Ал азаматтар кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтерді сату үшін онлайн төлемдерді қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақша талап етіп жатқанына шағымдануда.

Осы мәселеге қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.

"Төлемді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, өйткені "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында төлемнің әртүрлі тәсілдері көзделген - банк картасы, QR немесе қолма-қол ақша арқылы (25-бап). Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірінші рет - ескерту, қайталап бұзған жағдайда - 40 АЕК немесе 147 680 теңге көлемінде айыппұл", - деп жауап берді МКК баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер