«Ислам мемлекеті» ұйымы Ирандағы жарылысты мойнына алды

1165
Adyrna.kz Telegram
Сурет: bbc.com
Сурет: bbc.com

«Ислам мемлекеті» ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) 3 қаңтар күні Иранда болған екі жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кермане қаласындағы жарылыстар салдарынан 84 адам қаза тапты. Қайғылы жағдай 4 жыл бұрын АҚШ-тың әуе соққысының нәтижесінде мерт болған иран әскери қолбасшысы Қасым Сүлейменді еске алу шарасы кезінде болған еді.

Ұйым әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарылысты белбеуі және жарылғыш заты бар екі жиһадшының ұйымдастырғанын мәлімдеді.

«Ислам мемлекеті» — 2014 жылы Сирия мен Ирактың бақылауындағы аумақтарда жаңа мемлекет құру туралы жариялаған халықаралық террористік ұйым. 

Еске салайық, бұған дейін Иранда Сүлеймани бейітінің маңындағы жарылыс болып, бірнеше адамның қаза тапқанын жазған едік.

Пікірлер