Астанада кәсіпкер жалақыcын талап еткен құрылысшылардан қашып кетті

1715
Adyrna.kz Telegram
KTK.kz
KTK.kz

Астанада кәсіпкер ақшасын төлеуді талап еткен құрылысшылардан қашып кетті. Көлігімен асығыс кетіп бара жатқан кәсіпкер арызданушылардың бірін басып өтіп, оны капотта 200 метрге дейін сүйреп кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК-ға сілтеме жасай отырып.

"Біз олармен сөйлесуге тырыстық, бірақ олар тоқтамады. Олардың бірі мені капотта 200 метрге дейін сүйреп апарды. Сондай-ақ, менің аяғымды басып кетті. Ол тоқтағысы келмеді. Мен бұл жөнінде полицияға арыз жазамын", - деді құрылысшы Рауан Әмірханов.

Ал екінші кәсіпкер өзіне келген адамдармен де, журналистермен де сөйлесуден қашты.

Құрылысшылардың айтуынша, бірнеше адамнан тұратын бригадаға 30 миллион теңгеге жуық қосымша төлемақы төленбеген. Сол уақыттан бері бір жылдан астам уақыт өткен.

Құрылысшылардың өздері де ешбір келісімшартсыз  кәспкерлерге деген сеніммен жұмыс істегендерін мойындайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер