Жоғарғы кеңес "қос әйел алу" заң жобасы туралы қауесетті жоққа шығарды

1024
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қырғызстан Жоғарғы кеңесі қос әйел алуды заңдастыратын заң жобасы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қырғыз елінің akipress сайтына сілтеме жасай отырып.

Парламенттің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған қос әйел алу заң жобасы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін баса айтты.

Парламент халықты алаңдатпауға шақырып, жалған ақпарат таратып, азаматтарды арандатқандар да заң алдында жауап беретінін еске салды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер