"Айуандықпен өлтірілген". Талдықорғанда екі адамның денесі табылды

1364
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Талдықорғанда жеке тұрғын үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Көршілердің айтуынша екі мүрденің денесінде сау жері жоқ, 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлы аса айуандықпен өлтірілген.

Жеке тұрғын үйдегі мүрделерді қонақтан қайтқан немересі бірінші болып көрген.

Оқиға орнына келген полиция өкілдері марқұмдар бірнеше жерден салған пышақ жарақатынан кейін қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасаған. Қылмыс орнында арнайы сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

"Қылмыстық іс адам өлтіру бабы бойынша қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу құпиясына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген Талдықорған полициясы таратқан хабарламада

Пікірлер