Жылдың үздік туындылары анықталды

3060
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-07-at-12.25.30.jpeg
Жылдың үздік туындылары анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. "Адырна" ұлттық порталы әлеуметтік желіде "Жыл үздіктерін" анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізді. Көпшіліктің шешімі бойынша "Жылдың үздік туындылары" деп танылғандар: «Жылдың үздік қойылымы» ретінде Музыкалық жас көрермендер театры ұсынған "Гауһартас"  қойылымы үздік деп танылды. «Жылдың үздік романы» номинациясына Әлішер Рахаттың "Параллель" романы анықталды. «Жылдың үздік хикаяты» болған - "Құстың тілін білетін сары бала мен қара өгіз". Үздік туындының авторы - Жүсіпбек Қорғасбек. «Жылдың үздік поэмасы» - Мирас Асанның "Мағжан-нама" туындысы. «Жылдың үздік өлеңі» - Нью-Йоркты еске алу (Дәурен Берікқажы) «Жылдың махаббат жырларының үздік авторы» - Әмина Адайхан
Комментарии