Жезқазғанда ақша мен банк карталарын қолды еткен азамат ұсталды

1357
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Көліктен қомақты қаржыны қолды еткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

23 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны ұрлық оқиғасы жайында полицияға ақшасының жоғалғаны туралы арызданған. Ол көлігін ашық қалдырып, дүкенге кіріп кеткен.

Осы сәтті пайдаланған 55 жастағы азамат көліктен 250 мың теңге мен банк карталарын алып кеткен.

Ұрлық жасалған сәт дүкендегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қазір жезқазғандық азаматқа ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер