Еліміздің бірқатар өңірінде көктайғақ пен боран күтіледі

2421
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/erten-k-ar-aralas-zhan-byr-zhauady_1693805945-960x500.jpg?token=0ec50ec89bd028faaba04a9f4911ef94
8 қаңтар күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. "Қазгидромет" 8 қаңтардағы ауа райымен бөлісті. Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде ауа райы күрт өзгереді.
Алматы облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында таңертең және күндіз тұман болады. Түркістан облысының кей аймақтарында қар жауады. Ал өңірдің оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Үшінші мегаполис Шымкентте  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысының батысында және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтілуде. Петропавлда қарлы боран соғып, жел тұрады. Ал Көкшетауда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Желдің екпіні кейде 30 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болмақ. Тіпті көктайғақ болады. Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Павлодарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Комментарии