«Оппенхеймер», «Барби». «Алтын глобус-2024» иегерлері анықталды

1162
Adyrna.kz Telegram
Фото: Associated Press
Фото: Associated Press

АҚШ-тың Калифорния штатындағы The Beverly Hilton қонақүйінде «Алтын глобус-2024» кино жүлдесінің 81-ші табыстау рәсімі өтті. Үздік анимация – Хаяо Миядзакидің «Балақай мен құс» фильмі, Үздік драма – Кристофер Ноланның «Оппенхеймер» картинасы, Үздік комедия —Йоргос Лантимостың «Бақытсыз кедейлер» фильмі болды.

Кино саласындағы жеңімпаздар:

  • Үздік анимациялық фильм – «Балақай мен құс»
  • Үздік драма – «Оппенхеймер»
  • Үздік драма актері – Киллиан Мерфи, «Оппенхеймер»
  • Үздік режиссер — Кристофер Нолан, «Оппенхеймер»
  • Екінші пландағы үздік актер — Кіші Роберт Дауни, «Оппенхеймер»
  • Екінші пландағы үздік актриса — Давайн Джой Рэндольф, The Holdovers (Қалып кеткендер)
  • Үздік комедия актрисасы — Эмма Стоун, «Бақытсыз кедейлер»
  • Үздік комедия актері — Пол Джаматти, The Holdovers (Қалып кеткендер)
  • Халықаралық үздік фильм — «Құлдырау анатомиясы»
  • Үздік сценарий — «Құлдырау анатомиясы»
  • Үздік саундтрек — «Оппенхеймер», Людвиг Горанссон
  • Үздік ән — «What Was I Made For» Билли Айлиш, «Барби»
  • Үздік киноматография жетістігі (100 млн доллар табыс) — «Барби»
  • Үздік комедия —Йоргос Лантимостың «Бақытсыз кедейлер» картинасы
  • Үздік телесериал — Beef (Кеміргіштер)
  • Үздік драма сериал — «Мұрагерлер»

Телевидение саласындағы үздіктер: 

  • Драма сериалының үздік актері — Киран Калкин, «Мұрагерлер»
  • Үздік драма актрисасы — Лили Гладстоун, Killers of the Flower Moon (Гүл айының қылмыскерлері)
  • Комедия мен мюзиклдегі үздік актер — Джереми Аллен Уайт, «Аю»
  • Комедия мен мюзиклдегі үздік актер — Айо Эдебири, «Аю»
  • Сериалдағы үздік актриса — Али Вонг, Beef (Кеміргіштер)
  • Сериалдағы үздік актриса — Стивен Ян, Beef (Кеміргіштер)
  • Екінші пландағы үздік актриса — Элизабет Дебики, «Тәж»
  • Екінші пландағы үздік актер — Мэттью Макфэдиен, «Мұрагерлер»

Дәстүрлі рәсім, «Оскарға» дайындық саналады. Себебі осы рәсімде жүлде алған кино жұлдыздар бір айдан кейін өтетін «Оскарды» да алуы мүмкін.

 

Пікірлер