Премьер ашқан жаңалық. Қызылша ауруы - соңғы 10 жылда болмаған жағдай

1173
Adyrna.kz Telegram

Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Қазақстан бойынша қызылша ауруының таралуы, әсіресе балалар арасында жиілегенін айтты. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

«Жұқпалы ауруларды азайту шаралары Үкіметте бірнеше рет қаралды. Кең таралған вирустық инфекциялар бойынша да көрсеткіштер (В вирусты гепатиті, ротавирусты инфекция, дизентерия және т.б.) төмендеді», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы елімізде қызылшаның әдеттен тыс таралуына алаңдаушылық білдірді.

«Өкен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Ол соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетіп отыр . Олардың 80%-ке жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар. Екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде тіркеліп отыр», - дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер