«Қорғас ісіне» қатысты Қожамжаровтың тағы бір қызметкері қамауға алынды

1159
Adyrna.kz Telegram
senate.parlam.kz
senate.parlam.kz

Бұрынғы сенатор, бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұрынғы қол астындағы қызметкері «Қорғас ісі» бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасап.

"Кеше, 8 қаңтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бұрынғы қызметкері Кенжебай Жұмабеков "Қорғас ісі" бойынша қатысушы әрі орындаушысы ретінде қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Дереккөздің айтуынша, Жұмабеков қаржы полициясының бұрынғы агенті, Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталушы, «Бетон» лақап аты бар Талғат Махатовтың жақын досы.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 11 желтоқсанында Қожамжаровтың қол астындағы қаржы полициясының бұрынғы қызметкері Ұлан Мәдиев «Қорғас ісі» бойынша күдікті деп танылған қыздардың зорлануына байланысты ұсталған болатын. Материалдарда Мәдиевтің, қаржы полициясының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Талғат Татубаевтың және Алматы облыстық қаржы полициясы департаментінің бұрынғы басшысы Сергей Потаниннің есімдері бар.

Бір қызығы, Қорғастағы контрабанданың бенефициарлары ретінде Мәдиев, Татубаев және Алматы қаласы бойынша қаржы полициясының бұрынғы бастығы Мақсат Дүйсенов жай ғана аталса, Қожамжаровтың өзі осы қылмыстық схемалардың негізгі пайда алушысы деп аталады.

Мәдиевтің ұсталғаны туралы материал жарияланар алдында Алматының Наурызбай ауданының экс-прокуроры жалған іс бойынша сотталған және Жоғарғы сот ақтап шыққан Виктор Тихонов Қожамжаровтың қарамағындағылардың «Қорғас ісі» бойынша басты куәгерді өлтіруге қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өткен болатын.

Айта кетейік, 2023 жылдың 15 желтоқсанында атышулы «Қорғас ісі» бойынша тергеудің қайта басталғаны ресми түрде расталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер