Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

1372
Adyrna.kz Telegram

Айдос Мырзахметов ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Тоқаев Болат Жұрабаевты арнайы операциялық күштердің қолбасшысы қызметінен босатқан болатын.

Пікірлер