Енді экспонат болуы мүмкін. Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынды

2293
Adyrna.kz Telegram
ҚазТАГ суреті
ҚазТАГ суреті

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің алдына қойылған Назарбаев ескерткіші алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қорғаныс министрлігі бұл шешімді «Тұңғыш президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің» атауы «Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілуіне байланысты қабылданғанын айтты.

«Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан тұңғыш президенттің ескерткішін ҚР Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи музейіне көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазір ескерткіш қорғаныс ведомствосына қарасты ғимаратқа уақытша қойылды. Дайындық жұмысы жүргізілгеннен кейін ескерткіш музейге орнатылады»,—деді министрліктің баспасөз қызметі.

Пікірлер