Жыл басынан бері іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

1151
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан полициясы жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 адамды ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері мен оның бөлімшелері 58 қылмыскерді анықтап, ұстады. Олардың арасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргендер де бар", - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.

"Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті тәртіп сақшылары Алматы облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. 2012 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүрген ер адам мас күйінде зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, кісі өлтіріп, ақша ұрлаған", - дейді ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сондай-ақ, полицияның хабарлауынша, "елордалық полицейлер қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалау-жоспарлау тұрғын үй кешеніне инвестиция салу және пәтерлерді брондау деген желеумен тағы екі ЖШС басшыларымен бірге 144 үлескердің 4 миллиард теңгеден астам ақшасын иемденген ЖШС бірінің директоры мен құрылтайшысын ұстады".

"Сонымен қатар, республиканың криминалдық полициясының қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 30 адамның мекен-жайын анықтады", - деп қосты Назаров.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер