Жетісуда жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 4,6

2879
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Жетісуда магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Сейсмикалық стансалар желісі 13 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы MPV 4,6”, - делінген сенбі күні хабарда.

Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте, Текелі қаласында магнитудасы 3 баллға жеткен жерасты дүмпулері сезілді.

“Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы органдардан, ішкі істер бөлімінен, Казселезащита, прокуратурадан және басқа да ұйымдардан ақпарат келіп түскен кезде сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қирау немесе зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ”, - делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер