"Соғыстың бастаушысы". Тайваньда президент сайлауы өтті

1195
Adyrna.kz Telegram
Фото:  AP Photo / Louise Delmotte
Фото: AP Photo / Louise Delmotte

Тайвандағы президент сайлауында 64 жастағы кандидат жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Сайлаудың ресми қорытындысына сәйкес, президент ретінде сайланған Лай Циндэ 40 пайыз дауыс жинаған. Ал оның қарсыласы Хоу Юиге сайлаушылардың 33 пайызы дауыс беріпті. Ал үшінші кандидат Кэ Вэньчжэ 26 пайыз дауыс жинаған.

"Гоминьдан" партиясының атынан сайлауға түскен Хоу Юи Қытаймен әріптестікті нығайтуды қолдаса, жаңа басшы АҚШ-пен әріптестікті нығайтуды көздеуде.

Басылымның мәліметінше, Қытай Лай Циндэні "қауіпті соғыстың бастаушысы" деп атаған. Дегенмен Қытай Халық Республикасы Тайвань аралын өз аумағына жатқызады.

Тайваньның жаңа басшысы Демократиялық ілгерілеу партиясының өкілі Лай Циндэ. Ол Гарвард университетін бітірген. Ал сайлауға түспес бұрын Тайвань президентінің орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер