"Қайғылы оқиғаның алдын алды". Қарағандыда 14 адам өрттен құтқарылды

1213
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қарағанды қаласында 14 адам өрттен құтқарылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ТЖД-ға сілтеп.

Қарағандыда 8 бала, 6 ересек өрттен құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

13 қаңтар күні он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы өртеніп, арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері балқып, жанған.

Жалын шыққан үйге дереу жеткен өрт сөндірушілер қайғылы оқиғаның алдын алды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарып қалған.

Пікірлер