"Бір жарым миллиардқа жуық шабуыл". Елімізде тәуелсіз БАҚ пен журналистерге жасалатын кибершабуыл күшейген

1155
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kaspersky.ru
Сурет: kaspersky.ru

Елімізде тәуелсіз БАҚ қызметкерлеріне кибершабуылдар көбейген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг-қа сілтеп.

Жыл басынан бері бірнеше тәуелсіз басылым мен жеке журналистерге жасалған түрлі шабуылдар туралы ақпарат тарауда. Бірнеше редакция DDoS-шабуылына байланысты өз жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

ҚазТаг агенттігінің редакциясы осы мәселеге қатысты  Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға, ІІМ, ҰҚК,  Мәдениет және ақпарат министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ашық үндеу жасаған болатын.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арнайы Мемлекеттік техникалық қызметке жүгінген. МТҚ бірнеше күн ғана өзінің тиімділігін көрсетіп, бірнеше уақыттан соң сайттың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады.

Ал желтоқсан айының басында қазақстандық Kursiv.Media басылымына тіпті бір жарым миллиардқа жуық рет шабуыл жасалған. Тағы бір мысал - Pro Tenge басылымы болып отыр. Онда әлеуметтік-экономикалық жағдай аясында қазақстандық шенеуніктердің негізсіз және шамадан тыс шығындары туралы материалдар жарияланады.

Ал қос журналист Асхат Ниязов пен Назымгүл Күмісбаева жұмыс істейтін «Обожаю» жобасының командасы тұрақты түрде шабуылдарға ұшырап отырады. Жақында ғана Асхат Ниязов өзінің WhatsApp желісіндегі парақшасының бұзылғанын айтқан болатын.

Көптеген кибершабуылдарға ұшырайтын журналист Михаил Козачков та жиі теріс пікірдегі хабарламаларды алып отыратынын айтқан.

Пікірлер