Алматыда құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді

1041
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Кеше, 14 қаңтарда Алматыда алапат өрт болды - Алмалы ауданында құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, өрт шыққаны туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 20:25-те түскен. Оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер құрылыс материалдары мен лак-бояу өнімдерін сақтайтын қойма ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы ауданы 500 шаршы метрден асады.

"Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады, өртті сөндіру жұмысы қойма жайлары тез жанғыш бұйымдарға лық толғандықтан (битум, лак-бояу) қиындай түсті", - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт 22-34-те оқшауланып, 22-50-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 21 техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды.

"Көршілес орналасқан қоймаларға өрттің таралуына жол берілмеді, нәтижесінде кәсіпкерлердің 5 мың шаршы метр ТМҚ сақтау қоймалары аман қалды", - деп хабарлады.

Пікірлер