Күршімде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

1299
Adyrna.kz Telegram
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан, Күршім ауданында қар жауып, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Күршім ауданында қалың қар мен боран жетінші қаңтардан бастап тоқтамай тұр. Синоптиктердің айтуынша, кейбір жерлерде қардың қалыңдығы екі метрге жетеді. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан ауылдарының тұрғындары көлік қатынасынан айырылған.

Ауа-райына байланысты бүгін, 16 қаңтарда ауданға азық-түлік, қажетті заттар мен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін тікұшақ жіберілді.

«Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», - деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

ШҚО Көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жол жүруді қамтамасыз ету үшін Күршім ауданына қосымша техника жіберілген. 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Марқакөл ауданында да ауа райы қолайсыз. Жергілікті тұрғындар қар құрсауында қалып қойған аттарынан айырылып қала жаздаған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер