"Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды!" Жүрсін жүреді

2167
Adyrna.kz Telegram

Айтыскер ақын Қазырет Бердіхан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайы туралы хабардар етті, - деп жазады “Адырна” ұлттық порталы. 

Оның сөзінше, Жүрсін Ерман бір жылдан аса уақыт отырған арбасынан тұрған.

"Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар! Бұйырса осы фототдағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін!!!" - деп жазды айтыскер Қазырет Бердіхан.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, Жүрсін Ерманға амандық тіледі.

"Жақсы жаңалық екен", "Қазеке құдай қуат берсін әр екеуіңізге де!!!", "Аллаға шүкір! Көкеміз тіл-көзден аман болсын!", "Аллаға мың да бір шүкір, Алла қуат берсін, Аға! Аман болыңыз!", "Пах, шіркін! Қазеке бауырым бір қуанттың! Жаратқан жар болсын Қазақтың Жүрсініне", - деп жазды олар.

 

 

Пікірлер