8 жастағы қызды бірнеше мәрте зорлағаны үшін ер адам 20 жылға сотталды

3409
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Алматы облысында 8 жастағы қызды бірнеше мәрте зорлағаны үшін ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Еңбекшіқазақ облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«28 желтоқсанда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азамат «А» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - делінген хабарламада

Кішкентай қыздың әжесі одан 2023 жылдың мамыр айында көршісінің жан түршігерлік әрекеттері туралы білген.

«А» мырза ұзақ уақыт бойы көршісінің қызын түрлі сылтаулармен үйіне азғырып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған», - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі әйелдерге, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 5 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін болатынын хабарлайды.

Пікірлер