Түркияның тұңғыш ғарышкері Америкадан ұшырылды (ВИДЕО)

1723
Adyrna.kz Telegram
Сурет: mk-turkey.ru
Сурет: mk-turkey.ru

Түркияның тұңғыш ғарышкері Альпер Гезеравжы мінген SpaceX ғарыш кемесі NASA-ның Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Альпер Гезеравжы ғарышта болатын 14 күн ішінде түрлі ғылыми және техникалық зерттеу жасамақ.

Лайнер бортында Италия, Түркия және Швеция ғарышкерлері де бар.

Миссияның ұшқышы – Италия әуе күштерінің офицері Уолтер Вилладей. Ол 2023 жылдың маусымында Virgin Galactic-тің алғашқы коммерциялық рейсімен ұшқан.

Миссияның екі маманы – Түркияның тұңғыш астронавты Альпер Гезеравжы мен Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) астронавты швециялық Маркус Вандт.

Айта кетейік, лайнер 18 қаңтарға қараған түні ұшырылуы керек еді. Кейінірек ұшу уақыты өзгерді. SpaceX компаниясының айтуынша, кемедегі тексерулер мен деректерді қосымша талдау үшін қосымша уақыт қажет болған.

Бұған дейін Ресей ғарыш агенттігінің (Роскосмос) еншілес компаниясы «Главкосмостың» бас директоры Дмитрий Лоскутов түрік ғарышкерінің Ресейден ұшырылуы мүмкін екенін айтқан еді. Ол Вашингтондағы Халықаралық астронавтика конгресінде бұл мәселе бойынша Түркияға ұсыныс тасталғанын мәлімдеді.

Пікірлер