Марат Жыланбаевтың үкімі өзгеріссіз қалды

1940
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/11259280-1440x810-1-960x500.jpg?token=9faf255d26d779251628a3e5e7ddc35c

Астана соты «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі, марафоншы Марат Жыланбаевтың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Былтыр қарашада спортшы жеті жылға сотталған еді.  Жыланбаевқа “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылды.

Белсендінің адвокаты Бауыржан Азанов оның аппеляциялық сотқа қатыспағанын айтты.

«Процесс бастала салысымен Жыланбаевтың сотқа қатысуы туралы

арыз бердік. Алайда судья Ерғалиева өтінішті қанағаттандырмады. Себебін де түсіндірмеді»,—деді ол.

Айта кетейік, Марат Жыланбаев - қазақстандық марафоншы. Ол — 1990 жылдары Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория және Невада сияқты ең үлкен шөлдерді басып өткен әлемдегі жалғыз спортшы. Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген.

Комментарии