Жапония өз ғарыш кемесін айға қондырды

1194
Adyrna.kz Telegram
The Jiji Press
The Jiji Press

Жапония алғаш рет ғарыш кемесін айға қондырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.

Жапондық ғарыш агенттігі ғарыш қондырғышының айда екенін айтқанмен, бірақ оның жағдайы туралы әлі хабарлаған жоқ.

Бұл Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің жиырма жылдық жұмысының жемісі.

Smart Lander for Investigating MOON аппараты (SLIM) - жолаушылар көлігінің көлеміндей жеңіл ғарыш модулі. Ол кез келген алдыңғы ай миссиясына қарағанда әлдеқайда көп бақылауды қамтамасыз ететін "нүктелік қону" технологиясын пайдаланады. Осылайша Жапония АҚШ, Ресей, Қытай және Үндістаннан кейін Айға қонған бесінші ел болды.

JAXA мәлімдегендей, миссияның басты мақсаты – айға "оңай жерге емес, қалаған жерге" қонуға мүмкіндік беретін жаңа қону технологиясын сынау. Қонғаннан кейін ғарыш кемесі айдың шығу тегі туралы білімді толықтыру үшін топырақ үлгілерін зерттейді, соның ішінде арнайы камераның көмегімен минералдарды талдайды.

Айта кету керек, сәуірде жапондық компания әзірлеген ғарыш кемесі айға қону кезінде апатқа ұшыраған еді. Сондай-ақ жаңа флагмандық зымыран наурыз айында дебюттік ұшырылымын сәтсіз аяқтаған болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер