Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесу өткізді

966
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Римдегі ресми сапарында БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен БҰҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар желісі бойынша жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстанның іске асырып жатқан шаралары туралы баяндады.

"2023 жылы Қазақстан 6 мемлекетке 9,2 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Еліміз Газа секторындағы күрделі ахуалды ескере отырып, Палестина халқына қайырымдылық шарасы ретінде 1 миллион доллар бөлді және 2 рет гуманитарлық көмек жеткізді. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен Ауғанстан, Түркия, Пәкістан және басқа да елдерге қаржылай көмек көрсетті", - делінген жұмадағы хабарламада.

Сондай-ақ Президент Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударып, халықаралық қауымдастықтың осы елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алуға күш салуын жалғастыру өте маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Синди Маккейнді алдағы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер