Ақылы жолдардан 30 млрд теңгеден астам қаржы түскен

938
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәлімдеуінше, 2023 жылы Қазақстандағы 17 ақылы жолдан 30 млрд теңгеден астам қаржы түскен, деп хабарлайда “Адырна” ұлттық порталы.

«2023 жылы ақылы 17 жолдан жүргізушілер тарапынан 30 283 900 мың теңге ақша қаражаты түсті», - делінген компанияның Қазақпаратқа берген жауабында.

Жолдардан жиналған қаражат жөндеу жұмыстарына, ақы алу жүйесін күтіп ұстауға, инвестицияларды қайтаруға, жол пайдалану техникасы мен жабдықтарды жаңалау үшін жұмсалатыны атап өтілді.

«Жылдық аудит есебі жүргізілгеннен кейін таза кіріс анықталады. Оның 80 пайызы республикалық бюджетке төленіп, қалған 20 пайызы жол саласын дамыту үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-та қалады», - деп толықтырды компания.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер