Ертіс өзенінен төнер қауіп. Семейде 11 адам эвакуацияланды

1053
Adyrna.kz Telegram
Фото: Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Семейде 11 адам Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

Семей қаласы Бейбітшілік аралында тұратын 11 адам эвакуацияланды. Себебі Ертіс өзенінде су деңгейі – 457 см.

Бейбітшілік аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД, жергілікті атқарушы орган және 68303 әскери бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, 21 қаңтарға қараған түні бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу жұмыстарын жүргізді.

«Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Азаматтарды жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Үй жануарлары да қауіпсіз жерге жеткізілген», - деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.

Дегенмен, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Құзырлы орган қызметкерлері учаскелерді жіті бақылап, су деңгейіне мониторинг жүргізуде.  Ал Ертіс өзенінің су деңгейі әрбір 2 сағат сайын өлшенуде.

Пікірлер