"Комада". Семейде жаппай төбелес болды

977
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Семей қаласында бір топ жігіт төбелескен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.

Түн ішінде болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Бейнеден төбелескендердің арматура қолданып, бір-бірін ұрғанын көруге болады. Тіпті бір жігіт жарақат алып, құлаған.

Кей ақпараттарға сүйенсек, жәбірленуші ауыр жарақат алып, комаға түскен. Жаппай төбелеске қатысты Абай облысының полиция департаменті де түсініктеме берді.

“Әлеуметтік желіде таратылған жаппай төбелес фактісіне қатысты бейнежазба бойынша 20 қаңтарында Семей қаласының Затон полиция бөлімі - денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолдана отырып, адамдар тобы жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, төбелес салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Пікірлер