Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

3386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/img_3751-960x500.jpeg?token=1df952b192e868204e2aa57c928a6c2b

Алматылық тұрғындар таңғы уақытта тағы да жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:01-де жер сілкінісін тіркеді. "Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.9. Магнитудасы MPV - 5.3", - делінген хабарламада. Қала бойынша қабылдау – 2 балл.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии