Жезқазған – Петропавл тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты

3336
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/izobrazhenie_2024-01-24_113428634.png
Жезқазған – Петропавл тас жолында болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" порталы Petropavlovsk.News-ке сілтеп.  «23 қаңтарда сағат 16.00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл тас жолында Peugeot және Toyota Camry көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Peugeot және Toyota Camry көліктерінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сотқа дейінгі тергеу басталды. «Көліктер мамандандырылған тұраққа орналастырылды», - делінген хабарламада.
Комментарии