"Оскар-2024" киносыйлығының номинанттары белгілі болды

899
Adyrna.kz Telegram

Беделді "Оскар" киносыйлығына үміткерлердің қорытынды тізімін Америка киноакадемиясы жариялады. Марапаттау рәсімі 10 наурызда өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Оскардың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми сайттағы дерек бойынша 96-шы Оскар марапаттау рәсімі 2024 жылдың 10 наурызында өтеді.

Сыйлыққа негізгі үміткерлер тізімінен төмендегі фильмдер мен олардың авторлары табылды:

Үздік фильм - "Американдық фантастика", "Құлау анатомиясы", "Барби", "Тастандылар", "Гүлді айды өлтірушілер", "Маэстро", "Оппенгеймер", "Өткен өмірлер", "Бақытсыз-байқұстар", "Қызықтар зонасы".

Үздік режиссер - Жастин Трие ("Құлау анатомиясы"), Мартин Скорсезе ("Гүлді айды өлтірушілер"), Кристофер Нолан ("Оппенгеймер"), Йоргос Лантимос ("Бақытсыз-байқұстар"), Джонатан Глейзер ("Қызықтар зонасы").

Үздік актер - Брэдли Купер ("Маэстро"), Колман Доминго ("Растин"), Пол Джаматти ("Тастандылар"), Киллиан Мерфи ("Оппенгеймер"), Джеффри Райт ("Американдық фантастика").

Үздік актриса - Аннетт Бенинг ("Дайана Найэд"), Лили Гладстоун ("Гүлді айды өлтірушілер"), Сандра Хюллер ("Құлау анатомиясы"), Кэри Маллиган ("Маэстро"), Эмма Стоун ("Бақытсыз-байқұстар").

Қосалқы рольдегі үздік актер - Стерлинг К. Браун ("Американдық фантастика"), Роберт Де Ниро ("Гүлді айды өлтірушілер"), кіші Роберт Дауни ("Оппенгеймер"), Райан Гослинг ("Барби"), Марк Руффало ("Бақытсыз-байқұстар").

Қосалқы рольдегі үздік актриса - Эмили Блант ("Оппенгеймер"); Дэниэль Брукс ("Күлгін түс"); Америка Феррера ("Барби"); Джоди Фостер ("Дайана Найэд"); Давайн Джой Рэндольф ("Тастандылар").

Үздік түпнұсқа саундтрек - "Американдық фантастика", "Индиана Джонс және тағдыр шеңбері", "Гүлді айды өлтірушілер", "Оппенгеймер", "Бақытсыз-байқұстар".

Үздік ән - The Fire Inside ("Қатты ыстық"), I’m Just Ken ("Барби"), It Never Went Away ("Америкалық симфония"), Wahzhazhe ("Гүлді айды өлтірушілер"), What Was I Made For? ("Барби").

 

Пікірлер