Назарбаев атындағы әуежай атауын өзгерту жоспарда жоқ екені айтылды

1023
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті “елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауы өзгере ме” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, қазір әуежай атауын өзгерту жоспарда жоқ.

"Бүгінде Астана әуежайының атауын өзгерту, сондай-ақ әуежайдың үш әріптен құралған кодын (NQZ. - еск.) өзгерту мәселесі комитеттің күн тәртібінде жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ге өзгертілген еді.

Осыған байланысты әуежайдың баспасөз қызметі Tengrinews сайтының қойған сауалына жауап ретінде қала Нұр-Сұлтан деп аталған кезде әуе айлағына берілген әуежай кодын өзгерту жоспарда жоқ екенін айтты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер