“Қаңтар жылы”. Журналист кітабы шықпайтынын хабарлады

1044
Adyrna.kz Telegram
Фото: Данияр Молдабеков Telegram-каналынан
Фото: Данияр Молдабеков Telegram-каналынан

Қазақстандық журналист Данияр Молдабеков осыдан екі жыл бұрын елде болған қаңтардағы тәртіпсіздіктер туралы жазған кітабын шығара алмай қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында хабарлады.

«Қантар туралы кітабымды шығаруды қолға алған баспа барлық баспаханалардың оны басып шығарудан бас тартқанын хабарлады. Алдын ала тапсырыс бергендердің жақын арада ақшасын қайтарылады. Кітапты міндетті түрде шығарамын, бірақ енді қашан, қайда және қалай болатынын ойлану керек», - делінген хабарламада.

Молдабековтың айтуынша, екі жыл бұрын терезеден атылған оқтың даусы естіліп, алаңдағы жерлестеріміздің мүрдесі жатқанда “Қаңтар жылы” кітабын жаза бастаған. Күні кешеге дейін қолжазба баспаханада болған, алайда, журналист айтқандай, кітап басылып шықпас бұрын оның мазмұнымен танысқысы келген құқық қорғау органдарының өкілдері келген.

“Олар менен оқуға рұқсат беруімді сұрайды. Мен оларға бермеңдер дедім”, - деді ол.

Молдабеков «Республикаға» берген түсініктемесінде оның кітабына бұрын да қауіпсіздік күштері қызығушылық танытқанын айтты.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінен деген адамдар баспаға хабарласып, менімен байланысуды сұраған. Бұл кітап туралы әлеуметтік желіде жазып, мұқабасын көрсеткен күнім еді. Сондай-ақ кітапты таныстыру үшін басқа жер іздеуге тура келді, өйткені бұрынғы таныстырылым өтуі тиіс орын бас тартты», - дейді журналист.

2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстанда газ бағасының екі есе өсуіне қарсы наразылық шерулері басталып, ол жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан болатын. Осыдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев төңкеріс жасау әрекетін жариялап, ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. 7 қаңтарда жағдай тұрақтанды, 19 қаңтарда бүкіл елде төтенше жағдай жойылды. Тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандардың ресми тізімінде 238 адамның аты-жөні бар. Осы тақырып бойынша барлық материалдар осында жинақталған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер