Жер сілкінісінен кейін үйлерді жалға алуға сұраныс күрт өскен

1256
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Күндізгі уақытта, яғни 22-23 қаңтар аралығында Алматы мен облыста тұрғын үйлер мен саяжайларды жалға алуға сұраныс күрт өскен, деп хабарлайды “Адырна ұлттық порталы Krisha.kz сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, үйлер мен саяжайларды күнделікті жалға беру туралы өтініштердің саны артқан. Жер сілкінісінен кейінгі тәулікте ол 4 есеге өскен. Бірақ бұл өзгеріс көпке созылған жоқ.

24 қаңтардағы жағдай бойынша нарықта басқа өзгерістер жоқ. Пәтер сатқысы келетіндер саны көбейген жоқ, ал Астанадағы баспанаға сұраныс артпаған.

Бұл өзгеріс алматылықтардың жер сілкінісі мен жалған болжамдардан қорқып, жеке үй жалдауды ойлағаннан болуы мүмкін.

Алматыда үйді жалдаудың орташа құны күніне 100 000 теңгені құрайды. Күнделікті жалға берілетін үйлердің ерекшелігі, олар негізінен мерекелік шаралар мен кештерге арналған: барлар, үлкен барбекю алаңдары, караоке және т.б. жабдықталған. Сондықтан мұндай нысандардың бағасы әрқашан жоғары.

Үй сатып алуға келетін болсақ, мұнда ешқандай өзгеріс жоқ. Баға тұрақты.

Ұсыныстарды талдауға сәйкес Алматыдағы жеке үйдің орташа құны Krisha.kz, - 40 млн теңге.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер