Атыраудың экс-әкімі тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылды

1108
Adyrna.kz Telegram
Сурет: azh.kz
Сурет: azh.kz

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2023 жылғы 11 қарашадағы қаулы бойынша оғае қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Атырау облысы прокурорының ұсынысы бойынша Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы денсаулық жағдайына байланысты үйқамаққа өзгертілді»,—делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев былтыр 9 қарашада қамауға алынды. Бұған дейін прокуратура Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарлаған еді.

Пікірлер