Бердібек Соқпақбаевтың аты облыстық кітапханаға берілмек

1003
Adyrna.kz Telegram
stylishbag.ru
stylishbag.ru

Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың аты Алматы облыстық кітапханасына берілмек, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев жазушының биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланғалы отырған 100 жылдық мерейтойының ашылу салтанатында мәлімдеді.

Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде: "Қалың бұқара қолдап жатса, облыстық кітапханаға Бердібек Соқпақбаев есімін беруді ұсынамын. Бұл бастаманы жауапты мекемелер жыл соңына дейін жүзеге асырады деп үміттенемін",—деді.

Сондай-ақ, облыс әкімі биыл Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында 1500 балаға арнап салынған жаңа мектепке жазушының атын беру жөніндегі ұсынысты да қолдап отырғанын жеткізді.

Пікірлер