“Тұраным-мақтанышым”

167
Adyrna.kz Telegram

“Тұран университеті”- студенттер үшін  керемет мүмкіндік, заманауи оқу орны, көп оқу, керемет тәжірибе жинау үшін керемет жер деп айта аламын. Журналист болуды бала кезден армандамаған едім..  Дегенмен қызығуды емес, көп ізденісті талап ететін, «төртінші билік» аталатын шығармашылық салаға қызығушылық жүрек түкпірінде бар-тұғын. Кейін ес жиып, ойлана келе, шын мәнінде кім болуды қалайтынымды, қай жолмен жүргім келетінін тағы да бір іштей таразыладым. Екінші мәрте мамандық таңдау сұрағын өзіме-өзім қойып көрдім. 

Сайып келгенде, асыл сөзді маржандай тізіп, сөздің жілігін шағып, майын ішуді арман етіп, жан дүнием журналист болуды қалады. Әрине, сол үшін тағдырымның тар маңдайыма тарқан тартуыма, таңдауым «Тұран» университеті болды. «Тұран университетінің ұстанымы – баршаға арналған университет» дегеннен соң да, жаныма жылылық сезіліп, өзіне баурап үлгерді. Журналист мамандығына деген құштарлығым одан сайын артқандай болды.

Бұл білім ордасында жоғарғы дәрежедегі мамандар жұмыс жасап, жас жеткіншектердің дамуы мен қалыптасуына бір кісідей ат салысады. 2015 жылдан бастап – 2019 жылға дейінгі статистикаға көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Тұран университетінен түлеп ұшқан студенттердің  94% пайызы 6 ай ішінде өздерінің мамандықары бойынша жұмысқа орналасып, өз мансаптарын жалғастырған екен.Біздің білім ошағымыздың өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес, көп ұлтты  білім беру орыны болғандықтан, кез – келген ұлт өкілі маман болып қалыптасам деген ниеті болса жеткілікті. Және шет елде білім алу мүмкіндігі де қарастырылған, сондай – ақ  11  жыл үздік оқып «Алтын белгі» иегерлеріне де 4 жылдық тегін оқу мүмкіндігімен қамтамассыз етіп отыр.

Студенттік керемет өміріміз осы универден бастау алып, осы универден аяқталуына қатты қуанамын. Себебі керемет шақта, көп достар тауып, ұйымдарға қосылып, жарыстарға шығып, практикалық тапсырмалар орындап, мол тәжірибе алып жатырмыз. “Тұран” университетінің ең қызығы- ұйымдары. Соның ішіндегі “ТеАрт” театрлық студенттер ұйымы. Осы ұйымға кіру арқылы мен нағыз керемет күндерімді өткізудемін. Университет басшылықтары, оқытушылары, студенттері осы универ үшін жаралғандай, барлығы өз жұмыстарын жақсы біледі.

Тұран – жаңашылдыққа, жасампаздыққа, бәсекеге қарсы тұруға, мүмкіндігі мол жастарға арналған болашақ бастауы дер едім. Себебеі, жылдан – жылға жаңарған бағдарлама, күннен – күнге дамыған техника, біздерді ыңғайлы, әрі сапалы дамытып, қалыптастыруда. Оңтүстік Астанамыздың ең ыңғайлы жерінде, заман талабына сай жабдықталған, жаңартылған ғимаратта, мейірбан, жылы жүзді  ұстаздар мен көпшіл студенттердің арқасында, Тұран әлі де болса талайдың таңдауы болары айтпасақ та айдан анық.

Аяулым НҰРСҰЛТАН

Пікірлер