Зардап шеккендер бар. Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғысты

1119
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда екі көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды. Жол апаты 27 қаңтар күні таңғы сағат 09:00–де Алатау ауданында болған.

Chevrolet автокөлігін тізгіндеген 2003 жылғы азамат рөлге ие бола алмай, И. Емцов көшесінде қарсы бағытқа шығып кеткен. Кейіннен автобусқа соғылған.

«Оқиға салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер