Назарбаевтың рөлі. "Хабар" арнасы экс-президент туралы фильмге 40 млн теңге жұмсаған

1080
Adyrna.kz Telegram
Фото: "Хабар" АҚ
Фото: "Хабар" АҚ

Жыл сайын елімізде мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінетін миллиардтаған қаржының қайда кететіні белгісіз, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Orda.kz - ке сілтеп.

Orda.kz мәліметінше, «Хабар» холдингінің өкілдері туған аға-інілерінің фирмаларымен миллиондаған қаржыға келісімшарт жасағаны анықталып, тіпті синопсиске сай келмейтін фильмдер түсіргені айтылуда.

2019 жыл мен 2021 жылдары мемлекеттік ақпараттық саясатты орындауға мемлекет қаржысынан 153 млрд теңге бөлінген. Ал оның 12 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған болып шықты. Ал Қазақстанда 3600-ден астам БАҚ тіркелсе,  бөлінген қаражаттың 80%-ы Ақпарат министрлігіне бағынысты үш ұйымның қалтасына түскен. Олар:

  • «Қазақстан» АҚ — 69 млрд теңге (42,4 %),
  • «Хабар» АҚ — 51 млрд теңге (31,4 %),
  • «Қазтелерадио» — 9 млрд теңге (5,6 %). 

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы “Строитель независимости» / «Человек эпоха: дальше и выше мечты” атты фильмді түсіру кезінде де бірнеше олқылықтар анықталған. Бұл тұста«Хабар» АҚ-мен жасаған келісімшартқа сәйкес фильмді дайындауға бюджеттен 40 млн теңге жұмсалған. Оның ішінде:

  • 17,4 млн теңге — қаламақыға;
  • 3,2 млн теңге — жабдықты жалға алуға;
  • 11 млн тенге — өндірістік шығындарға;
  • 8,4 млн тенге — түсірілім тобының шет мемлекеттерге іссапар шығындарына (тоғыз адам)

Көп қаржы бөлінген фильмді "Хабардың" ютуб арнасында тек 6 мыңға жуық адам ғана қараған. Ал фильм архив кадрларынан және жеті қазақстандық қоғам қайраткерінің пікірінен тұрады.

Есеп комитетінің аудиторларының есебі бойынша 8,4 млн теңге қаржы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, РФ президенті Владимир Путин, Түркияның президенті Эрдоған, Өзбекстан президенті Мирзиёев және тағы басқалар сияқты бірқатар мемлекеттердің басшыларымен сұхбат жасауға бөлінгені айтылған.

Фильм үшін түсірілген сұхбатта президенттер Қазақстанның басты жетістіктері және осы процестегі Назарбаевтың рөлі туралы баяндап бергенімен кадр фильмде жоқ.

Агенттік пен «Алтын-Бек» ЖК арасында сот болып, нәтижесінде 8,4 млн теңге қаржыны және 252 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж төлеу шығындарын "Хабарға" қайтарып берген.

«Жауап беруші сотқа көрсетілген қаражаттың мақсатты жұмсалғаны туралы растайтын құжаттарды ұсынбаған. Жауап берушінің пандемияға байланысты шектеулер енгізілгені туралы дәлелдерін сот керісінше дәлел ретінде қабылдай алмайды», – делінген Астана сотының шешімінде.

Пікірлер