Қазақстанда бес дәріні пайдалануға тыйым салынды

1041
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда бес дәріні пайдалануға тыйым салынды. Үкімет қаулысымен бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тыйым салынған дәрілер тізімі:

• Фентанил — синтетикалық, күшті анальгетик. Препарат физикалық тәуелділікке алып келеді;

• Брофин — халық арасында «күлгін героин» деген атпен белгілі. Теріс мақсатта пайдаланса тәуелділік тудырады;

• Метонитазен — күшті синтетикалық опиоид. Ол героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді;

• Фенциклидин — көктамырішілік анестезияға арналған синтетикалық фармакологиялық препарат;

• Эутилон — синтетикалық психостимулятор.

Қаулы 6 ақпанда күшіне енеді.

Пікірлер