Бізге де бір Лу Шун керек...

2622
Adyrna.kz Telegram

20 ғасырдың бас кезі Қытайды билеген жапон өкіметі, басқыншылыққа қарсы шыққан қытай жастарын қытай халқының алдына, алаңға алып шығып асқан екен.
Басқыншы жапон сарбаздарының алдында сүріне - қабына құлап шығып келе жатқан өз жастарын көрген қытайлықтар мәз - мәйрам боп күліп, оларды келемеждеп, мазақтап тұрса керек.
Бұны көріп тұрған қытайдың болашақ ұлы жазушысы, жас студент медицина шәкірті - Лу Шун, "менің халқым ар - намыс, ұлттық түйсік, мемлекетшілдік деген қасиеттерден әбден ажырап, таза құл тобырға айналған екен. Халқым ауру екен, қой, мен өз медицинаммен жүздердің тәнін емдемей, қаламыммен миллиондардың санасын емдейін, ұлттық намысын тірілтейін, мемлекетшілдігін оятайын, өйтпесем болмас" деп түңіліп, сол күні медицинасын тастап, қылқалам ұстаған екен.

Осы Лу Шун - кейін қытай қоғамын дүр сілкіндірген ұлы жазушыға, философқа, идеологқа айналды. Пәлен ғасыр өзгеге құл болған қытайдың мемлекетшілдігін, ұлттық намысын оятуға үлкен үлес қосқан бұның қытайға деген еңбегі шексіз. Нәтижесінде, қара қытайыңыз қазір бақайшағына шейін ұлтшыл.
Бүгінде Қытайдың коммунистері мен ұлтшылдарының бас пайғамбары да осы Лу Шун.
Мен кейде біздің орысшыл тобырды көргенде "біз де бұрынғы ауру қытайдың кезеңінде жүрміз - ау" деп ойлап қаламын. Алда жалда бізді басқыншы басып алып, телевизордан "фашисттер, шоқайшылдар" деп жала жауып, біздің ұлтжанды азаматтарды алаңға алып шығып асып жатса, біздің мәңгүрттенген, ұлттық санасы оянбаған тобыр да оларға "арандатушылар, фашистер, батыстың итаршылары" деп зығырланып, келемеждеп қарап тұратын тәрізді...

Олжас Әбіл

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер