Запастағы офицерлер 2 жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады

1626
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Үкіметі "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады.

"Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын", - делінген құжатта.

Қарулы Күштер қатарына 600 адамды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 80 адамды, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына 42 адамды, Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 адамды шақыру жоспарлануда. Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер