Азаматтық бастамалардың alash.online сайтында «Жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап етеміз!» атты петиция жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Петиция авторы – Арғын Смайылов, жедел жәрдем жүргізушісі. Азаматтың айтуынша, оның әріптестері өздеріне деген құрметсіздік пен агрессияға жиі ұшырайды. “Бұл менің жедел жәрдем жүргізушісі ретіндегі жан айқайым. Мен 10 жылдық тәжірибесі бар жедел жәрдем жүргізушісімін. Мен жедел жәрдем қызметкерлерінің проблемалары туралы айтқым келеді, өйткені мен өз қорғансыздығымыздан шаршадым. Қоғам бізден өз өмірлерін сақтап қалуды және қиын уақытта тез келуді талап етеді. Бірақ олар бізді жай ғана құрметтемек түгілі, тіпті жұмыс істеуімізге кедергі келтіреді”, –Новости по теме
“Адырна” ұлттық порталы