Бір минуттық дау. Канделаки Қырғызстан жайлы да айтты

1104
Adyrna.kz Telegram

Танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстан жайлы жазған жазбасынан кейін Қырғызстанды сынауға көшті. Атап айтқанда, орыс тілінің қырғыз елінде де шеттетіліп жатқанын тиек етті. Алайда, бұл жолы журналист әлеуметтік желілерден жазбасын "жым" қылып, тез шегіне жөнелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Қырғызстанда да мемлекеттік деңгейде орыс тілін шеттетіп жатыр. Бір жылдан астам уақыттан бері қырғыз билігі Бішкектің төрт ауданының атауларының өзгеруі бойынша жұмыстар атқарды. Бәрін қиындатып не керегі бар?" деп жазды Канделаки.

Ол Қырғызстандағы атлмыш жайттарды Украинаның әрекеттерімен салыстырды. Онда қалалар, көшелер және Кеңес үкіметімен және Ресейге қатысты басқа да географиялық атаулар өзгертілді. Сондай-ақ, ол қырғыздар бұл ісімен тарихтарынан айырылып жатқанын атап өтті.

Қазақстандағыдай, бұл жазба да қырғыз халқының ашуына тиді. Нәтижесінде журналист жазбаны жойды.

Бұған дейін ресейлік тележүргізуші және продюсер Тина Канделаки Қазақстанның теміржол вокзалдарының атауын өзгертуіне қатысты сын айтты. Қазақстандық журналист Динара Сәтжан арандатушылық тудырған жазбаға жауап берді. Содан кейін Канделаки қазақстандықтарды Қаңтар кезінде Ресейдің көмегіне жүгінді деп, бір шулатты.

22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Канделакидің айтқандарына қатысты туралы түсініктеме берді.

«Мемлекет мұны ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келмейді, келсе де, кірмейді », - деді ол.

 

Пікірлер